Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Қасымалиев 22 қазанда Бішкекте Швейцария Конфедерациясы Ұлттық кеңесінің төрағасы Пьер-Андре Пажбен кездесті.
Кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту және өзара іс-қимылдың келешегін талқылады. Қасымалиев Швейцарияны Қырғызстанның Еуропадағы маңызды серіктестерінің бірі деп атап, саяси диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға мүдделі екенін айтты.
Қасымалиев екі ел басшыларының өзара сапарларын ұйымдастыруды ұсынып, инвестициялық бағытты күшейтуге назар аударды. Ол парламентаралық ынтымақтастықтың да маңызды екенін атап өтті.