Бейжіңдегі Қазақстан мәдени орталығында Қазақстан Республикасының күніне орай Қызылорда облысы өнер шеберлерінің «Сұлу Сырдан сазды сәлем» атты мерекелік концерті өтті. Қазақстан Республикасының күні 25 қазанда атап өтіледі.
Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған концерт Қазақстан және Қытай арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға, ұлттық өнерді халықаралық деңгейде танытуға және екі халықтың рухани байланысын тереңдетуге бағытталды. Кешке Бейжің тұрғындары, мәдениет және өнер саласының өкілдері, сондай-ақ дипломатиялық корпус қатысты.
Сахнада облыстық филармонияның фольклорлық ансамблі, ақын-импровизатор, «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Залипа Тулепова және «Құрмет» орденінің иегерлері өнер көрсетті.