Талдықорғанда Литва Республикасының Құрметті консулдығының ашылу рәсімі өтті. Оған қала әкімі Ернат Базил, Литваның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Эгидиюс Навикас бастаған делегация және құрметті қонақтар қатысты.
Рәсім аясында Ернат Базил Эгидиюс Навикаспен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту және өзара тиімді әріптестікті нығайту мәселелерін талқылады.
Құрметті консулдық Жетісу облысы мен Литва арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ мәдениет және білім беру салаларындағы байланысты кеңейтуге күш салады.