Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Эмре Биралмен кездесті.

Кездесуде тараптар сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және инвестиция тарту мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ көлік-логистика, туризм және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту жайы сөз болды.