27 қазанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ресей Федерациясының Ақтаудағы бас консулы Ринат Андержановпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, агроөнеркәсіп кешенін дамыту және балық шаруашылығының әлеуетін арттыру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Сондай-ақ Каспий теңізінің экологиялық проблемалары талқыланды.