15 қазанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ЮНЕСКО халықаралық сарапшыларынан құралған техникалық миссия өкілдерімен кездесті.
Кездесуде өңірдің тарихи-мәдени мұрасын халықаралық деңгейде таныту мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ «Үстірт: мәдени ландшафттар және аңшылық қақпандар – арандар» аралас мұра нысанын тізімге енгізу жұмыстарына дайындық сөз болды.