Моңғолияда қыстың алғашқы айының бірінші күні Шыңғыс ханның туғанына 864 жыл толуы және «Моңғол мақтанышы күні» аталып өтті.
Мерекеге орай Моңғолияның мемлекеттік туы көтеріліп, Мемлекеттік сарайдан тоғыз ақ ту шығарылып, сарайды күн бағытымен айналдыра алып жүрді.
Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх, Ұлы Мемлекеттік Хурал төрағасы С. Бямбацогт және премьер-министр Н. Учрал Шыңғыс хан ескерткішіне тағзым етті. Сондай-ақ Ұлы Моңғол мемлекетінің құрылғанына 820 жыл толуына арналған парламенттің салтанатты отырысы өтті.