Астанада ағартушы және педагог Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Бірге оқиық» әдеби шарасы өтті. Оған елордадағы білім беру мекемелерінің мұғалімдері мен оқушылары, сондай-ақ қалалық кітапханалардың оқырмандары қатысты.
Қатысушылар Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақ», «Бай баласы мен жарлы баласы» және «Қыпшақ Сейітқұл» шығармаларын бір уақытта оқыды.
Әдеби шара тікелей эфирде көрсетіліп, оған ел бойынша 180 мыңнан астам адам қатысты. Оның 25 мыңнан астамы акцияға Астанада тікелей қосылды.