Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға жұмыс сапары 6 қарашада аяқталды. Ол Астанадан Ташкентке ұшты.
Сапар бағдарламасы аясында Мирзиёев Акаба процесі шеңберінде өткен жасанды интеллект саласындағы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Орталық Азия көшбасшыларының кездесуіне қатысты.
Қатысушылар халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл, цифрлық технологиялардың дамуына байланысты жаңа сын-қатерлерге бірлесіп жауап беру мәселелерін қарады.