29 қазанда жұмыс сапарымен Анкараға барған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Түркияда тұратын отандастарымен кездесті.
Президент олардан өмірі, оқуы және болашақ жоспарлары туралы сұрады. Ол қай жерде жүрсе де уақытты бос өткізбеуге, ғылымға, білімге және жаңа нәрселерді үйренуге ұмтылуға шақырды.
Мирзиёев жастарға көрсетілетін қолдау елдің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты екенін айтты. Сондай-ақ ұлы бабалардың ғылыми мұрасы мен тарихи құндылықтарын қалпына келтіру жұмыстары туралы сөз қозғады.