Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазанда Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялайды.

Іс-шараға Құрылтай депутаттары, Үкімет мүшелері және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам және еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады.

Мемлекет басшысының сөзін тікелей эфирде көрсету сағат 11:00-де республикалық телеарналарда және Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында басталады.