АҚШ президенті Дональд Трамп 1–7 қарашаны Антикоммунизм апталығы деп жариялады. Тиісті жарлыққа ол 3 қарашада қол қойды.
Жарлықта Трамп коммунистік және социалистік идеологияларды жеке адамның мүмкіндіктерін шектеп, адамды мемлекетке бағындырады деп сипаттады. Оның пікірінше, мемлекеттік бақылау ойлау, шығармашылық және саяси пікір білдіру еркіндігін шектейді.
Президент америкалықтарды елдің өмір салтына төнетін кез келген қатерге қарсы тұруға және бостандықты қорғауға шақырды. Ол АҚШ коммунистік елге айналмайтынын мәлімдеді.