Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған және Канада премьер-министрі Марк Карни Анкарадағы келіссөздерден кейін екі ел арасындағы қатынастарды стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру туралы мәлімдеді. Тараптар үш құжатқа қол қойды.
Ердоғанның айтуынша, Түркия және Канада энергетика, сауда, көлік және қорғаныс өнеркәсібі салаларында жаңа жобаларды іске асыруды көздейді. Екі ел еркін сауда келісімі жөніндегі келіссөздерді жыл соңына дейін бастауды ұйғарды.
Тараптар қазіргі шамамен 3 миллиард доллар болатын сауда көлемін алдымен 5 миллиард долларға, кейін 10 миллиард долларға жеткізуді мақсат етеді. Жаңартылған әуе қатынасы туралы келісім тікелей рейстер санын шамамен екі есе арттыруға мүмкіндік береді.