Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанның ұлттық тестілеу орталықтары ағылшын тілін білу деңгейін бағалаудың өңірлік жүйесін құру туралы меморандумға қол қойды.

Құжат «Жылдам өзгеріп жатқан әлемдегі түсу емтихандары» атты халықаралық конференцияның екінші күні аясында жасалды.

Меморандум өңірлік бастаманы жүзеге асыру үшін ынтымақтастық орнатуды көздейді.