6 қарашада Қазақстан Республикасына жұмыс сапары аясында Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Иордания Хашимит Корольдігінің королі Абдалла II ибн әл-Хусейнмен кездесті.
Тараптар жасанды интеллект қауіпсіздігі саласындағы Акаба процесі аясында өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының саммиті барысында жүздесу мүмкіндігіне қанағаттанатынын айтты. Олар Түрікменстан мен Иордания достық қатынастарды дамытуға және өзара тиімді әріптестікті нығайтуға мән беретінін атап өтті.
Бердімұхамедов Түрікменстанның Иорданиямен өзара құрмет пен теңдік қағидаттары негізінде ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екенін жеткізді. Сондай-ақ саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды дамытуға мүмкіндік мол екенін айтты.