Қазақстанның «Есік жазуы» және «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының басылымдар жинағы» номинациялары ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасы Азия-Тынық мұхиты өңірлік тізіліміне алғаш рет енгізілді. Шешім 2026 жылғы 5 қарашада Индонезияның Джакарта қаласында өткен тізілімнің 11-отырысында қабылданды.
«Есік жазуы» — Есік қорғанынан табылған күміс тостағанға жазылған мәтін. Екінші номинация Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының баспа басылымдары жинағын қамтиды.
Отырыста Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі 23 елден 100-ден астам делегат қатысты. Олар «Әлем жады» бағдарламасының дамуы туралы елдердің есептерін қарап, құжаттық мұра бойынша 21 номинациялық өтінімді мақұлдады.