БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Түрікменстанның цифрлық экономикасын дамыту тұжырымдамасын және 2026–2028 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге қолдау көрсетті. Бұл туралы БҰҰ-ның Түрікменстандағы тұрақты үйлестірушісі Дмитрий Шлапаченко «Нейтральный Туркменистан» газетіне берген сұхбатында айтты.
Оның сөзінше, БҰҰДБ қолдауымен қаржылық есептілік жүргізу және Ұлттық шоттар жүйесін енгізу әдістемелері бойынша жаңашылдықтар қолға алынған. Экспорт-импорт операцияларына арналған «Бірыңғай терезе» жүйесін құру аясында кедендегі тәуекелдерді басқару күшейтілді.
Үйлестіруші UN/CEFACT стандарттарын пайдаланып, SMGS теміржол жүкқұжатының электронды баламасын енгізу бойынша пилоттық жобаны маңызды қадам деп атады.