Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Катар мемлекетінің әмірі шейх Тамим бин Хамад Әл Тани Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің саммиті аясында Бакуде кездесті.
Кездесуде стратегиялық әріптестік және көпсалалы практикалық ынтымақтастықтың дамып келе жатқаны атап өтілді. Соңғы жылдары жоғары деңгейдегі диалогтың арқасында екіжақты байланыстар жаңа кезеңге көтерілгені айтылды.
Қазір Катар компанияларымен энергетика, химия өнеркәсібі, азық-түлік қауіпсіздігі, көлік, құрылыс және басқа салаларда белсенді серіктестік жүргізіліп жатыр. Биылғы жылдың басынан бері инвестицияларды игеру көлемі айтарлықтай артқан.