29 қазанда Анкарада Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоганмен кездесті.
Мирзиёев Түркия халқын Республика күнімен құттықтап, бейбітшілік, тұрақты даму және өркендеу тіледі.
Кездесуде саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.
Тараптар соңғы жылдары барлық деңгейде байланыстар жанданғанын атап өтті. Өзара тауар айналымы мен инвестиция көлемі, бірлескен кәсіпорындар және әуе рейстерінің саны артып келеді. Ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша бірлескен іс-шаралар тұрақты өткізіледі.
Көшбасшылар бизнесті қолдау жөніндегі жоғары деңгейлі кеңес құрудың, бірлескен үкіметаралық комиссияның кезекті отырысына тыңғылықты дайындалудың және перспективалы жобалар қоржынын кеңейтудің маңызын атап өтті. Сондай-ақ жаңа бағыттардағы практикалық ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.
Президенттер алдағы іс-шаралар кестесі, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.