Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 22 қазанда Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады.
Кездесуде Өзбекстанның бақылаушы ел ретіндегі Еуразиялық экономикалық одақпен өзара тиімді ынтымақтастығының біртіндеп кеңейіп келе жатқаны атап өтілді. ЕАЭО елдерімен өзара сауда және инвестиция көлемі тұрақты өсіп, логистикалық байланыстар нығайып келеді.
Өзбекстан одақтың сауданы және жүк тасымалын цифрландыру, электрондық коммерцияны дамыту және климат күн тәртібі сияқты негізгі салалық бағдарламаларына қатысып жүр.