Ресейлік әнші және музыкалық продюсер Валерий Меладзе Астанадағы концертінде Қазақстан астанасы туралы әсерімен бөлісті. Ол қаланы ең әдемі әрі таза қалалардың бірі деп атады.
Көрермендерге қарата сөйлеген әнші жылы қабылдағаны үшін алғыс айтып, Астанада қайта өнер көрсетуге қуанышты екенін жеткізді.
Меладзенің айтуынша, қала дамуын жалғастыра отырып, әсемдігін, тазалығын және өзіне тән атмосферасын сақтап келеді. Ол Астананы заманауи әрі жанға жайлы қала деп сипаттап, өз пікірінше, әлемдегі ең таза қала екенін айтты.