Ақмола облысы агроөнеркәсіп және сирек жер металдарын өңдеу салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп жатыр.

Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесі аясында өңір әкімі Марат Ахметжанов бельгиялық Linagro NV және Scaldis-Ruien NV компанияларымен үшжақты келісімге қол қойды.

Іс-шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Бельгия Королі Филипп және Королева Матильда қатысты.