«ҚазТрансОйл» АҚ-ның шетелдегі активі — «Батуми теңіз порты» ЖШҚ 2026 жылдың қаңтарынан қазанына дейін 6 млн 900 мың тонна жүк ауыстырып тией отырып, 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 13%-ға асып түсті.
Өсім құрғақ, контейнерлік және паромдық жүктерді ауыстырып тиеудің артуына байланысты. Құрғақ жүктер көлемі 1 млн 596 мың тонна болып, бір жыл бұрынғы кезеңнен 10%-ға өсті. Контейнерлік жүктер 3 млн 264 мың тоннаға жетіп, 15%-ға артты.
Паромдық жүктерді ауыстырып тиеу 467 мың тонна болды — былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 58%-ға көп. Өсімге, соның ішінде, «Констанца – Батуми» қосымша желісінің ашылуы және «Варна – Батуми» бағытына тағы бір паромның қосылуы ықпал етті.