Қытайдың Тайвань істері жөніндегі мемлекеттік кеңсесінің өкілі Чэнь Биньхуа 28 қазанда өткен баспасөз мәслихатында Тайваньның ауыл шаруашылығы және балық өнімдерін Қытай құрлықтық бөлігінің нарығына шығаруға жәрдемдесу жалғасатынын мәлімдеді.
Оның айтуынша, биыл сәуірде Қытайдың орталық Тайвань істері басқармасы екі тарап арасындағы алмасу мен ынтымақтастықты дамытуға арналған он шараны жариялаған. Оларға тексеру және карантин талаптарына сай Тайвань өнімдерін әкелуді жеңілдету, сауда көрмелері мен таныстырылымдарға қатысуға қолдау көрсету және Тайвань балықшылары ашық теңізде аулаған өнімді сатуға жағдай жасау кіреді.
Алты айдан астам уақыт ішінде тиісті тараптар келісімдерге арналған кездесулер өткізіп, кедендік рәсімдерді оңтайландырған және түрлі көрмелерге қатысуға қолдау көрсеткен. Бұл жұмыстар «1992 жылғы консенсус» және «Тайвань тәуелсіздігіне» қарсы тұру саяси негізінде жүргізілген.