Бурабай курорттық аймағында көпфункциялы конгресс-орталықтың құрылысы басталды. Орталық халықаралық форумдар, іскерлік кездесулер, көрмелер және мәдени іс-шаралар өткізуге арналған.
Жоба Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында іске асырылып жатыр. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың айтуынша, конгресс-орталық Бурабайды жыл бойы жұмыс істейтін туристік орталық ретінде дамытуға көмектеседі.
Кешеннің жалпы аумағы 12,8 мың шаршы метр болады. Жобада 1000 орындық көрермен залы, 160 адамға арналған конференц-зал, көрме кеңістіктері, мультимедиалық зал, кафе, қолданбалы өнер шеберханалары және креативті индустрия студиялары қарастырылған.