Жыл басынан бері қазақстандық тауар өндірушілердің жаңартылған Реестрі штаттық режимде жұмыс істеп келеді. Іске қосылғаннан бері Реестрге 49,9 мыңнан астам өтінім түсті, 71 865 тауар позициясының қазақстандық шығу тегі расталды.

Жаңашылдықтардың бірі — Реестрді сатып алу платформаларымен интеграциялау және кәсіпорындарды 26 цифрлық өлшемшарт бойынша автоматты тексеру.

Тексеру кезінде штат саны, коммуналдық шығындар, шикізат сатып алу және салық аударымдары ескеріледі.