Шығыс Қазақстанда өндірілген спорттық форма Ресейдің кәсіби хоккей нарығына шықты. Өскемендегі «Альприма» ЖШС Ресейде ресми экспорттық келісімшарт жасасты.

2026/2027 маусымында Барнаулдың «Динамо-Алтай» хоккей клубы қазақстандық өндірушінің экипировкасымен өнер көрсетеді.