Астанада үш облыстың тауар өндірушілері 1 600 тоннадан астам азық-түлік ұсынып жатқан ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарының фермерлері ет, сүт өнімдерін, көкөніс, балық, бал және басқа да тауарларды сатуда.

Өнімдер тұтынушыларға делдалсыз ұсынылады. Қала тұрғындары қажетті тауарларды бір жерден таңдай алады.