Қытайда жасалған жаңа жабдықтың алғашқы партиясы Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында салынатын газ өңдеу зауытына жеткізу үшін Ерсай портына теңіз арқылы әкелінді. Жүк құрамында пештер, жылу алмастырғыштар, сыйымдылықтар және электр жылытқыштар бар.
Жоба «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатыр. Жабдықты теңіз арқылы тасымалдау 16 тамызда басталған. Қазір жүк тиелген тағы үш кеме Қазақстанға қарай жолда. Қалған жабдық жоба кестесіне сай кезең-кезеңімен жеткізіледі.
Қытайдағы өндіріс орындарында негізгі технологиялық қондырғыларды жасау және модульдерді құрастыру жалғасып жатыр. Ұзақ дайындалатын жабдықтың 240 позициясының 138-і әзір, 102-сі өндірісте. Оны жасау барысы 61,6%-ға жетті.