Петропавлда кабель зауытының алғашқы цехы ашылды. Жобаны ресейлік инвестор жүзеге асырып жатыр. Кәсіпорын құрылыс, энергетика, өнеркәсіп және инфрақұрылым нысандарына арналған кабель өнімдерін шығарады. Дайын өнімді Қазақстан бойынша жеткізу жоспарланған.
Өндірістің ерекшелігі — толықтай жергілікті қамту. Кабель жасауға қазақстандық мыс пайдаланылады, ал шикізатты өңдеуден бастап дайын өнімді электрлік сынауға дейінгі технологиялық цикл зауыттың өзінде өтеді.
Зауытта Петропавл тұрғындары жұмыс істейді. Компанияның Екатеринбургте мамандарға арнап орта арнаулы білім беретін өз мектебі бар.