Кешеннің ашылу рәсіміне Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Абдикаримов қатысты. Ол кәсіпорынның өндірістік алаңы және технологиялық үдерістерімен танысты. Іс-шараға кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері, құрылыс компаниялары және елдің бірқатар өңірінен келген сәулетшілер де қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары өңдеу өнеркәсібінің өңір экономикасын әртараптандырудағы маңызын атап өтті. Оның айтуынша, жаңа өндірістер ашу, инвестиция тарту және жергілікті кәсіпорындардың өндірістік мүмкіндіктерін кеңейту — облысты дамытудың басым бағыттарының бірі.
Кешеннің жалпы аумағы 3 200 шаршы метрді құрайды. Мұнда алюминий терезелер, есіктер және витраж конструкциялары өндіріледі.