Қарағанды облысынан «Бір ауыл – бір өнім» жобасының екі финалисі Қытайдағы іскерлік іс-шараларға қатысып жатыр.

Күндыз Хапан шырғанақтан табиғи өнім шығарады. Жаннур Төлеубаева жүн және киіз бұйымдарының брендін дамытып келеді.

Кәсіпкер әйелдер Қытайда бизнеске жаңа мүмкіндіктер іздеуде.