Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің қолдауымен 2026 жылдың тоғыз айында азаматтардың мүліктік құқықтары 2,17 млрд теңгеден астам сомаға қалпына келтірілді. Осы кезеңде комитетке және оның аумақтық департаменттеріне 72 мыңнан астам өтініш түсті.
Өтініштердің көбі бөлшек сауда саласына қатысты болды — 31 186 өтініш (42,9%). Электрондық саудаға қатысты 12 264 өтініш (16,9%), тұрмыстық қызметтер бойынша 7 065 өтініш (9,7%) түсті.
Өтініштерді қарау нәтижесінде 23 мың жағдайда тұтынушылардың талаптары қанағаттандырылды, тағы 26 мың өтініш бойынша құқықтық көмек көрсетілді. Қалпына келтірілген мүліктік құқықтардың ең жоғары сомалары Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тіркелді.