Қазақстанның Қаржы министрі Мәди Такиев Құрылтайдың жалпы отырысында «2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстырды. Құжатта 2027 жылы адами капиталға 10,5 трлн теңге қарастырылған.

Жоба 2030 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленген. Оны дайындау кезінде бюджет және макроэкономикалық тәуекелдер ескерілген.