Қазақстанның 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджетінде ауыл шаруашылығына су үнемдеу технологияларын енгізуді ынталандыруға 214,6 млрд теңге қарастырылды. Бұл алдыңғы үш жылдық кезеңдегіден төрт есе көп.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу қызметтерінің құнын субсидиялауға 13,5 млрд теңге бөлінді. Бұл шара шаруаларға жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелеріне қомақты шығынсыз көшуге және осындай технологияларды енгізетін өндірушілер санын арттыруға бағытталған.
Бұған дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі фермерлердің су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарын өтеу мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін көтерген. Мұндай технологияларды қолданған кезде суармалы суға берілетін субсидия 85%-ға дейін ұлғайтылды.