Қазақстан және Әзербайжан Транскаспий халықаралық көлік дәлізін, яғни Орта дәлізді дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Құжат екі ел арасындағы көлік-логистика байланысын нығайтуға және тасымал тиімділігін арттыруға бағытталған.

Келісім маршруттың транзиттік әлеуетін одан әрі ашуды да көздейді.