Қазақстанның Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Әзербайжанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Әлимирзамин Аскеровпен және AZCON Holding өкілі Шахин Бабаевпен кездесті.
Кездесуде Транскаспий халықаралық көлік бағытын және «Каспий көпірі» жобасын дамыту талқыланды. Жоба аясында паромдар теміржолдың жалғасына айналып, вагондар қайта тиелмей тасымалданады. Мақсат — жылына 8 млн тонна жүкті кепілді тасымалдап, кейін көлемді 10–12 млн тоннаға жеткізу.
Әзербайжан делегациясының сапары аясында «Самұрық-Қазына» АҚ мен AZCON Holding жобаны дайындау және іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Әзербайжан темір жолдары» ЖАҚ Әлят портында бірлескен интермодальды жүк терминалын құрудың негізгі шарттары туралы құжатқа (Term Sheet) қол қойды.