Қазақстан мен Чехия көлік саласындағы ынтымақтастықты дамытуға келісті. Бұл туралы Қазақстанның Көлік министрлігі хабарлады.
Қазақстан Республикасының көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Чехия Республикасының көлік министрі Иван Беднарикпен екіжақты кездесу өткізді.
Кездесу NEW SILK WAY халықаралық көлік-логистика бизнес-форумы аясында өтті.