Қазақстан Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Салимов Германия делегациясымен кездесті. Делегацияны Германия Федералдық азық-түлік және ауыл шаруашылығы, өңірлік бірегейлік министрлігінің парламенттік статс-хатшысы Мартина Энгльхардт-Копф бастап келді.
Тараптар ауыл шаруашылығында суды тиімді пайдалану үшін германдық кәсіпорындар және ғылыми ұйымдармен ынтымақтастық орнату мүмкіндігін талқылады.
Сондай-ақ Германия компанияларының Қазақстандағы су шаруашылығы инфрақұрылымын салу және қайта жаңарту жобаларына қатысуы, су ресурстарын басқарудың озық тәсілдерін енгізу, мамандарды бірлесіп оқыту және біліктілігін арттыру мәселелері қаралды.