Ганноверде өткен EuroTier 2026 халықаралық көрмесі аясында Қазақстанның Сүт ассоциациясы мен асыл тұқымды мал шаруашылығына маманданған немістің Masterrind GmbH компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжат жоғары өнімді асыл тұқымды ірі қара жеткізу, Қазақстандағы мал басының генетикалық әлеуетін жетілдіру және сүтті мал шаруашылығының өнімділігін арттыру жөніндегі ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға арналған.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі — қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін тиімдірек шарттармен асыл тұқымды мал жеткізуді ұйымдастыру тетіктерін пысықтау. Оның ішінде сатып алынатын малдың құнын оңтайландыру мүмкіндігі қарастырылады.