Қазақстан мен Тәжікстан 2030 жылға дейін екіжақты тауар айналымын арттыру жөніндегі жол картасын қабылдады. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөздер қорытындысы бойынша екі ел сауда көлемін одан әрі ұлғайтуға қажетті қадамдар жасауға келіскенін айтты.
Тоқаевтың сөзінше, екіжақты тауар айналымы екі миллиард долларға жақындап келеді. Қазақстан Тәжікстанның негізгі сыртқы сауда серіктестерінің үштігіне кіреді. Жол картасын сапалы іске асыруды екі елдің үкіметтеріне тапсырды.
Келіссөздерде ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі 2027–2028 жылдарға арналған жол картасына Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров және Тәжікстанның ауыл шаруашылығы министрі Курбон Хакимзода қол қойды.