Вашингтонда B20 саммиті аясында қазақстандық-америкалық бизнес-форум өтті. Қатысушылар көлік және логистика, энергетика және цифрлық технологиялар салаларындағы ынтымақтастықты талқылады.
Қазақстан атынан форумға Қазақстан Республикасы Президентінің АҚШ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан, Премьер-министрдің орынбасары — көлік министрі Асел Жанасова, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Қанат Шарлапаев, мемлекеттік органдардың, «Самұрық-Қазына» қорының, ұлттық және жеке компаниялардың өкілдері қатысты.
АҚШ тарапынан Мемлекеттік хатшының бірінші орынбасары Кристофер Ландау, АҚШ Сауда палатасының президенті Сюзанн Кларк, Қазақстан-америкалық іскерлік кеңеске мүше компаниялардың басшылары және көлік пен логистика, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, цифрлық технологиялар және қаржы салаларында жұмыс істейтін 100-ден астам америкалық компанияның өкілдері қатысты.