«Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС магистральдық мұнай құбырлары жүйесімен 2026 жылдың 10 айында 16 млн 556 мың тонна мұнай тасымалдады. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ға көп.
«Атасу – Алашанькоу» мұнай құбыры арқылы 9 млн 477 мың тонна мұнай тасымалданды. Көрсеткіш былтырғы кезеңнен 297 мың тоннаға немесе 3%-ға жоғары.
Оның ішінде экспортқа 1 млн 95 мың тонна мұнай жөнелтілді — бұл 2025 жылдың 10 айындағыдан 28%-ға көп. Транзит көлемі 8 млн 383 мың тонна болып, былтырғы кезеңнен 1%-ға артты.