«ҚазТрансОйл» АҚ 2026 жылдың 10 айындағы өндірістік қорытындысын жариялады. Компанияның магистральдық мұнай құбырлары жүйесімен 38 млн 306 мың тонна мұнай тасымалданды — өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1 млн 323 мың тоннаға көп.
Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына 15 млн 522 мың тонна мұнай жеткізілді. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 643 мың тоннаға артты. Оның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауытына 4 млн 576 мың тонна, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-не 4 млн 762 мың тонна, Павлодар мұнай-химия зауытына 5 млн 424 мың тонна және «CASPI BITUM» БК ЖШС-не 760 мың тонна тасымалданды.
«Өзен – Атырау – Самара» мұнай құбырының «Атырау – Самара» учаскесімен 8 млн 373 мың тонна мұнай тасымалданды. Оның 3 млн 723 мың тоннасы Новороссийск портына, 1 млн 958 мың тоннасы Усть-Луга портына бағытталды. Қазақстан аумағындағы ТОН-2 мұнай құбыры учаскесімен 10 млн 214 мың тонна тасымалданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 450 мың тоннаға көп.