Қазақстан халықаралық автотасымалдарға арналған рұқсаттарды электронды алмасу аясын кеңейтіп жатыр. Бұл тақырып Қазақстанның Көлік апталығы аясында өткен «NEW SILK WAY» халықаралық бизнес-форумындағы панельдік сессияда талқыланды.
Сессия «Автомобиль жүк тасымалдарының цифрлық экожүйесі» тақырыбына арналды.
Оған Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы Дастан Жумакулов қатысты.