Қазақстанда биылғы тоғыз айда 91,7 млрд кВт/сағ электр энергиясы өндірілді.

Энергия тапшылығын азайту мақсатында жыл соңына дейін шамамен 2,4 ГВт дәстүрлі энергетикалық қуатты іске қосу жоспарланып отыр.

Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров баяндады.