Қазақстанда егін жинау науқанының қорытындысы бойынша 24,3 млн тонна астық бастырылды. Орташа өнімділік гектарына 15,6 центнер болып, көпжылдық орташа деңгейден асты.
Вегетация кезеңінде бірқатар өңірде ұзаққа созылған құрғақшылық байқалып, ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуіне кері әсер етті және өнім қалыптастыруға қосымша қауіп төндірді.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 2,1 млн тонна минералды тыңайтқыш енгізді. Бұл ғылыми негізделген қажеттіліктің 66%-ын құрайды. Элиталық тұқымдардың үлесі жоспардағы 11,6%-дан асып, 12%-ға жетті.