Қазақстанда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мал азығының барлық түрінен 42 млн тоннадан астамын дайындады. Бұл туралы облыс әкімдіктерінің жедел деректеріне сүйенген Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Дайындалған азықтың 26,9 млн тоннасы — шөп. Бұл жоспардың 104,8%-ы. Пішендеме 2,3 млн тоннаға жетіп, жоспардың 99,4%-ын құрады.
Сондай-ақ 2,9 млн тонна сүрлем (жоспардың 101,8%-ы), 4,9 млн тонна сабан (103,4%) және 5,5 млн тонна құнарландырылған жем-шөп (95,8%) дайындалды.