Қазақстанда мал азығын дайындау науқаны аяқталды. Барлық түрінен 43 млн тоннадан астам азық жиналып, төрт негізгі бағыт бойынша жоспарлы көрсеткіштер орындалды.
Ауыл шаруашылығы өндірушілері 27 млн тонна пішен (жоспардың 105,2%-ы), 2,4 млн тонна пішендеме (103,9%), 2,9 млн тонна сүрлем (105,3%), 4,9 млн тонна сабан (103,5%) және 5,7 млн тонна құнарлы жем (100,3%) дайындады.
Пішен, пішендеме, сүрлем және сабан бойынша жоспардың артығымен орындалуы қосымша азық қорын қалыптастырып, мал шаруашылығы кәсіпорындарының қыстауға дайындығын күшейтуге мүмкіндік береді. Қолайсыз ауа райы жағдайында тұрақты жұмысты қамтамасыз ету үшін сақтандыру қорының маңызы зор.