Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 6 қарашадан бастап қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия алу үшін өтінім қабылдау ашылатынын хабарлады. Өтінімдер жаңадан босатылған 3 922 блок бойынша қабылданады.
Өтінімдер Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы арқылы қабылданады. Қабылдау өтінім беру басталған күннен бастап 15 жұмыс күні бойы жалғасады.
Өтінім қабылдау Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексінің 189-1-бабына сәйкес жүргізіледі.